Ссылки доступа

Киев Ресейге тыңшылық еткен Өзбекстан азаматы ұсталғанын мәлімдеді


Украинаның Мемлекеттік шекара қызметінің мәлімдеуінше, Харковь облысында шекарада Өзбекстан азаматы ұсталды. Күдікті ресейлік арнайы қызметке бейнекамераның көмегімен ақпарат жинаған делінеді.

Хабарларға қарағанда, 1991 жылы туған Өзбекстан азаматы Харковь облысындағы "Плетеневка" шекара бақылау пунктінде оның Украинаға келу себебін анықтау үшін қайта тексеруге жіберілді.

Тексеру кезінде ер кісінің көйлегіндегі түйме орнына бейне түсіруге арналған жасырын камера орнатылғаны анықталды. Камера қалтадағы ақпарат жинауға арналған құрылғыға байланған, екінші бір қалтада аудиотаспа жазуға арналған құрылғы табылды, деп хабарлады Мемлекеттік шекара қызметі.

Шетел азаматы Ресей аумағында тіркеу мерзімін бұзғаны үшін ұсталған кезде мұндай құрылғыны ресейлік көші-қон қызметкерлері берді деп ақталған.

Күдікті Украина қауіпсіздік қызметіне жолданды. Өзбекстан азаматының Украинаға келу себебін полиция тексеріп жатыр.

XS
SM
MD
LG