Ссылки доступа

БҰҰ: Алеппода гуманитарлық көлікті бомбалады


БҰҰ өкілдері дүйсенбі күні гуманитарлық көлікке әуе шабуылы жасалып, 12 адамның қайтыс болғанын, көптеген адамның жараланғанын, 31 көліктің 18-і бүлінгенін хабарлады.

БҰҰ мен «Қызыл жарты айдың» сириялық бөлімшесі АҚШ пен Ресей араағайындығы арқасында қол жеткізген бітімге сәйкес, Сирия армиясы тарапынан қоршалған аймақтағы халыққа азық-түлік, дәрі-дәрмек жеткізген.

Осының алдында ғана соғысты тоқтату туралы келісімнің бұзылғаны хабарланан. АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри бітім Ресеймен жасалғанын, егер одақтастарын шабуыл болдырмауға шамасы жетпесе, келісімнің бұзылуына да тікелей Ресей жауап беретінін мәлімдеген еді.

Куәгерлердің хабарлауынша, әскери ұшақтар бірінші гуманитарлық көліктерге оқ атқан, екінші жараланғандарға көмек көрсетіп жатқан дәрігерлерге қарсы шабуылдаған. Сарапшылар мұндай тәсілді әдетте Сирияда ресейлік авиация және Асад әскері жиі қолданады дейді. «Біздің ашуымызда шек жоқ», – деп мәлімдеді БҰҰ-ның Сирия жөніндегі елшісі Стаффан де Мистура.

The New York Times басылымы Ақ үйге сілтеме жасап, Барак Обама әкімшілігі Сириядағы соғысты тоқтату жөніндегі америка-ресей келісімінің сақталуына күмән келтіреді деп жазады.

XS
SM
MD
LG