Ссылки доступа

GM Uzbekistan компаниясының бұрынғы басшысы сотқа дейін кепілге босатылды


Өзбек-америкалық GM Uzbekistan бірлескен автоконцернінің 46 жастағы бұрынғы басшысы Тохиржон Жалилов бостандыққа шықты. Ол 29 сәуірден бері Өзбекстан Ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеу абақтысында отырып келді.

Жалилов арнайы қызметтің тергеу абақтысынан өткен аптада босатылды. Ол сотқа дейін қаладан кетпеуге қолхат берді. Өзбек-америкалық автоконцернінің бұрынғы басшысы кепілмен үй қамауына ауыстырылды.

Еске салайық, GM Uzbekistan компаниясын 2010 жылдан бері басқарып келген 46 жастағы Тохиржон Жалилов биыл сәуір айында алаяқтық жолмен компания ақшасын меншіктеді деген күдікпен ұсталды. Жалилов бұл қызметпен бірге "Узавтосаноат" акционерлік компаниясының басқарма төрағасының орынбасары қызметін қоса атқарып келді.

Бұл тексерулер нәтижесінде, Жалиловтан бөлек кәсіпорынның кем дегенде 10 қызметкері ұсталды. Олардың арасында GM Uzbekistan бұрынғы бас директорының ұлы да бар.

XS
SM
MD
LG