Ссылки доступа

Қырғызстан МҰҚК: Уақытша үкімет мүшелеріне қарсы компрамат жинамадық


Қырғызстанның арнайы қызметі Уақытша үкімет мүшелеріне қарсы компромат жинамады. Бұл туралы Мемлекеттік Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысының орынбасары Дүйшенбек Чоткараев мәлімдеді.

Оның айтуынша, компромат үшін қауіпсіздік қызметі өкілдері Ташкентке барды делінетін ақпарат шындыққа жанаспайды. Чоткараевтың пікірінше, осындай ақпарат таратушылар қауіпсіздік қызметінің атына кір келтіргісі келген.

Еске салайық, Fergananews.com сайты өзінің дереккөзіне сілтеме жасау арқылы, бірнеше күн бұрын МҰҚК қызметкерлері елдің оңтүстігінде бірқатар кездесу өткізгенін хабарлады. Олар Қырғызстаннан көшіп кеткен белсенділердің туыстарын Қырғызстанның бұрынғы президенті Роза Отунбаева мен азаматтық белсенді Эдил Байсаловқа қарсы куәлік етуге үгіттеген.

Басылым мәліметі бойынша, қыркүйектің басында МҰҚК өкілдерінің тобы Ташкентке барып, елде экстремистік және сепаратистік қылмыстар үшін қудаланған Каромат Абдуллаева, Иномжон Абдирасулов, Жалалиддин Салахутдинов және басқа да адамдармен кездескен. Олардан Отунбаева мен Байсаловқа қарсы бейне үндеу дайындауын сұраған.

XS
SM
MD
LG