Ссылки доступа

Стив Свердлов: ЕҚЫҰ жиынында белсенділердің туыстары ұсталды


Human Rights Watch халықаралық ұйымының Орталық Азияны зерттеушісінің хабарлауынша, ЕҚЫҰ-ның Варшада өткен жиыны кезінде "үнсіз наразылық акциясын" өткізген елуге жуық адам ұсталды.

Оның айтуынша, 19 қыркүйекте ЕҚЫҰ-ның Тәжікстандағы адам құқығы мәселесі талқыланып жатқан жиынға бір топ оппозиция өкілі кіріп келген.

"Бейбіт акцияға қатысқан 50-ге жуық адамның ұсталуы туралы ақпаратқа заң бұзушылық ретінде ерекше мән беретін боламыз. Бұл жаңалық қазір тексеріліп жатыр, ол расталған жағдайда, адам құқығын өрескел бұзушылық деп танылады. Тәжікстан делегациясы жиналыста адам құқықтары қағидалары жөніндегі міндеттері туралы есебін таныстырған", - деді Стив Свердлов.

Варшавадағы жиынға Тәжікстандағы азаматтық қоғам мен үкімет мүшелері қатысты. Жиналыс залына ЕҚЫҰ ғимараты маңындағы наразылық акциясына қатысушы жиырма шақты адам кірді. Олардың жейделерінде Бузургмехр Еров және Тәжікстанда тыйым салынған Ислам қайта өркендеу партиясының сотталған мүшелерінің суреттері басылған.

XS
SM
MD
LG