Ссылки доступа

"Газпром" 2018 жылдың аяғына дейін түркімен газын сатып алмайды


"Газпром" Түркіменстан газын 2018 жылдың аяғына дейін сатып алмайды, бірақ "Түркіменгазбен" Стокгольмдегі төрелік сотындағы істен бас тартады", деп мәлімдеді монополия басқарма төрағасының орынбасары Александр Медведев.

"Жағдайды бағдарлап алып, әріптестік тетіктерін табу үшін екі жыл үзіліс алдық, - деп түсіндірді ол Reuters агенттігіне. - Үнемі кездесіп, ақылдасатын боламыз". Топ-менеджердің айтуынша, тараптар "төрелік сот процесінсіз, қарым-қатынастың қайта дамуын күтуге келіскен".

2009 жылдан бері Түркіменстаннан жылына 10–11 млрд текше метр газ сатып алып жүрген "Газпром" 2015 жылдың ортасында Стокгольм сотына "Түркіменгазға" шағым түсірді, ал жыл басында онымен келісім-шартты бұзды. Өйткені Түркіменстан газ бағасын төмендетуден бас тартты, бұл уақытта көгілдір отынның бағасы еуропалық нарықта күрт төмендеп кетті. Соған байланысты Еуропаға түркімен газын сатушы "Газпром" соңғы жылдары шығынға батқан. Төрелік сот арқылы "Газпром" 5 млрд доллар өндіріп алғысы келді, деп хабарлайды "Интерфакса".

"Газпромның" келіссөздерге қайта оралуының бір себебі - уақыт создыру арқылы Түркіменстанның Каспий теңізі жолымен Әзірбайжанға газ жеткізу жоспарына кедергі келтіру, деп болжайды Vygon Consulting сарапшысы Мария Белова.

XS
SM
MD
LG