Ссылки доступа

Украинада Қырымда дауыс беруге қарсы қылмыстық іс қозғалды


Украинада аннексияланған Қырым аумағында ресейлік парламент сайлауы өткізілуіне байланысты елдің аумақтық тұтастығы мен егемендігін бұзғаны үшін қылмыстық іс қозғалды.

Бұған дейін Украинаның Жоғарғы Радасы Мемлекеттік думаға сайлаудың нәтижелері заңсыз екені туралы мәлімдеме қабылдаған болатын. Тиісті қаулы жобасын украиналық парламентке дүйсенбі күні "Халық майданы" партиясы ұсынды. Мәлімдеме ресейлік сайлауға қатысты украиналық ұстанымға халықаралық қауымдастықты қосылуға шақырады.

Бұның алдында Украинаның сыртқы істер министрлігі Қырым аумағындағы сайлауды сынаған мәлімдеме жариялады. Ресейдің Мемлекеттік думасына сайлау жөнінде "тәуелсіз Украинаның біртұтас аумағында" сайлау округтерін құру - халықаралық құқық қағидалары мен ережелерін өрескел бұзу, делінген мәлімдемеде.

Мемлекеттік думаға түбек аумағындағы сайлау нәтижесін Құрама Штаттар мен Еуропалық одақ та мойындамайды.

Қырым Ресеймен 2014 жылы аннексияланды. Украина мен халықаралық қауымдастық Қырымның Ресейге қосылуын мойындамайды және түбекті украиналық аумақ деп санайды.

XS
SM
MD
LG