Ссылки доступа

Барак Обама БҰҰ Бас Ассамблеясы алдында соңғы мәрте сөз сөйледі


Барак Обама Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясында баяндама жасады. Ол халықаралықа қауымдастыққа жолдаған үндеуінде қазіргі әлем тарихи сынақтарға төтеп беруге әзір деп мәлімдеді.

БҰҰ Бас Ассамблеясының жыл сайынғы жиналысында Обаманың баяндамасына ерекше назар аударылды. Өйткені бұл АҚШ президентінің халықаралық аренадағы "қоштасу сөзі" еді, деп жазды Associated Press агенттігі.

Обама демократияға апарар жол авторитаризмнен әлдеқайда жақсы екенін нық сеніммен айтты. Тәуелсіз басылымдар, Обаманың сөзінше, билікті асыра пайдалануға жол бермейді.

"Мен Америка ерекше деп есептемеймін", - деді Обама, оған мысал ретінде бірқатар елдердің тәжірибесіне тоқталды. Оның айтуынша, бұрынғы советтік блоктан шыққан бірқатар еуропалық елдер демократияны дамыту арқылы үлкен жетістіктерге жетті.

Президент Украинаның ісіне араласқан Ресейді, халықаралық қауымдастықты ядролық бағдарламасымен үркіткен Солтүстік Кореяны сынады.

XS
SM
MD
LG