Ссылки доступа

Ақпарат министрі: Қырғызстан үшін интернет бағасын өсіруін тексереміз


Қазақстанның ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев қырғыз байланыс операторларының қазақстандық тарапты интернеттің бағасын жөнсіз өсіріп отыр деген мәлімдемесіне жауап берді.

«Біз қазір бұл мәселені жіті тексеріп жатырмыз. Қырғызстанға интернет қызметін жеке компаниялар ұсынады – бұл нарық. Біз қазір жеткізушілер арасында құпия келісім бар ма, жоқ па бәрін зерттейміз. Бұл нарықтық қатынас әрі бұл салаға мемлекет қатты араласпайды. Мұнда тағы бір фактор бар. Біз интернетті Ресейден аламыз. Онда да нарық. Тек осындай қатынас,ешқандай факторлар жоқ», – деді Абаев.

Осының алдында Қырғызстанның байланыс операторлары ассоциациясы қазақстандық провайдерлер Қырғызстанға себебін түсіндірместен интернет тарифін 1,5-3 есеге өсіріп жіберді деп сынға алған болатын. Қырғызстандық операторлар да тариф бағасын көтеруге мәжбүр болса, енді бірі жылдамдықты азайтты.

«Қазақтелеком» АҚ өкілдері болса, бұл жағдайға ешқандай қатысымыз жоқ деп мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG