Ссылки доступа

Тәжікстан вице-премьерінің ұлы түрме жазасына кесілуі мүмкін


Тәжікстанның ІІМ елдің бірінші вице-премьері Давлатали Саидовтың 23 жастағы ұлы Фаромуз Саидовқа қарсы жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғады.

Ішікі істер министрінің баспасөз хатшысы Умарджони Эмомали кіші Саидовқа қатысты Қылмыстық кодекстің «Жол ережесін бұзды» деген 212-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Бұл бап бойынша айыпталушы бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бұл істі тергеуді Тәжікстан ІІМ тергеу басқармасы қолға алған.

ІІМ мәліметі бойынша, Фаромуз Саидов жүргізген көлік апатқа ұшыраған. Апат салдарынан Фаромуздың серігі 25 жастағы Хилола Рахимова мен 30 жастағы жол-көлік басқармасының қызметкері Рустам Сатторов қаза тапқан. Фаромуз Саидовтың өзі Караболодағы Ұлттық медицина орталығындағы нейрохирургия бөлімінде жатыр.

Осының алдында Фаромуздың анасы көлік апаты техникалық себептерге байланысты орын алғанын хабарлаған. «Ол басқа жолға өтпек болғанда, рөлді игере алмай жол апатына ұшырады. Менің ұлым жақсы тәрбие алған. Ол рөлде отырғанда ішімдік ішпеген. Біз қайтыс болғандардың туыстарына көмек көрсетуге дайынбыз», - деген еді.

XS
SM
MD
LG