Ссылки доступа

Александр Лукашенко еліне қысым көрсетіп жатыр деп Мәскеуді айыптады


Беларусь президенті Александр Лукашенко Ресейді газ бағасына байланысты еліне қысым көрсетіп жатыр деп айыптайды. Ол Мәскеу мен Минск бірнеше айдан бері газ бағасына байланысты келісімге келе алмай отыр деп мәлімдеген.

Лукашенконың пікірінше, Ресей тарапы Беларуське мұнайды жеткізу бағасын түсіргеннен кейін, қысым көрсете бастаған. БЕЛТА ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Лукашенко осылай деп Ресей мемлекеттік хатшысы Григорий Рапотамен кездесу барысында айтқан.

Ол сонымен бірге өзінің үкіметіне постсоветтік кеңістіктегі елдермен қарым-қатынасты оңтайландыруға тапсырма бердім деген. Мемлекет басшысының сөздерінше, Минск қазір Беларусьтің Еуразиялық экономикалық одаққа қатысуын қайта сараптап жатыр. "Себебі келісімдердің бәрі бұзылып жатыр" деген.

XS
SM
MD
LG