Ссылки доступа

Ташкентте Тәжікстан тәуелсіздік күнін атап өтті


Тәжікстанның Өзбекстандағы елшілігі International Hotel Tashkent қонақ үйінде Тәжікстанның 25 жылдығы құрметіне салтанатты жиын өткізді, деп хабарлады жергілікті басылымдар.

Оған Өзбекстанның жоғары лауазымды шенеуніктері, дипломатиялық қызмет өкілдері, халықаралық ұйымдардың қызметкерлері, ғылым, мәдениет және өнер қайраткерлері, журналистер, сондай-ақ Өзбекстандағы тәжіктер қатысты.

Тәжікстанның Өзбекстандағы елшісі Содик Имоми қонақтарға сөз сөйледі.

Өзбекстан халық әртісі Насиба Абдуллаева тәжік және өзбек тілдерінде ән шырқады. Қонақтарға Тәжікстанның тарихы, табиғаты, мәдениеті, дәстүрі мен қазіргі жетістіктері туралы деректі фильм көрсетілді.

Қонақ үйде тәжік халқының көп ғасырлық мәдениеті мен дәстүрі туралы этнографиялық бұрыш, кітап көрмесі ұйымдастырылды.

XS
SM
MD
LG