Ссылки доступа

HRW: Тәжікстанда оппозицияны қудалау жүріп жатыр


"Тәжікстанда оппозициялық қайраткерлерді ел ішінде және шетелде қудалау жүріп жатыр". Осылай деп аталатын деректі фильм сәрсенбі күні Варшавада көрсетілді. Польша астанасында ЕҚЫҰ-ның кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.

Human Rights Watch және Хельсинки комитеті түсірген фильмде Тәжікстанда тыйым салынған Ислам қайта өркендеу партиясының оппозициялық белсенділері мен "24 тобы" өкілдері туралы баяндалады.

Азаматтық белсенділер осы фильм арқылы АҚШ, Еуропалық одақ, БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да Тәжікстанмен қарым-қатынас орнатқан ұйымдар мен мемлекеттерді санкциялар қолдану арқылы Душанбені саяси өзгерістер қабылдауға мәжбүрлеуге шақырды.

Human Rights Watch мәлімдемесі бойынша, қазір Тәжікстанда адам құқығын сақтау мәселесінде терең дағдарыс байқалады. Мұндай дағдарыс Тәжікстанда соңғы 20 жылда болған емес, дейді адам құқығын қорғаушылар.

Ұйымның мәлімдеуінше, соңғы екі жылда билік еркін ойлыларға қарсы соғыс жариялады - саясаткерлерден бөлек, елде ондаған заңгерлерді, адвокаттарды, журналистер мен билікке сын айтқан әлеуметтік желі қолданушыларын қамап жатыр. Жүздеген белсенді елден қашып кеткен соң, тәжік билігі оларды шетелде де қудалай бастады, деп мәлімдеді фильм кейіпкерлері.

XS
SM
MD
LG