Ссылки доступа

Бішкек әкімі меншігіндегі 29 жер телімінің заңды екенін мәлімдеді


Бішкек әкімі Албек Ибраимовтың мәлімдеуінше, оның меншігіндегі жер телімдері Шу облысында орналасқан. Оның айтуынша, декларацияда көрсетілген 29 жер телімінің барлығы - ауыл шаруашылығына арналған жерлер.

"Жер телімдері баяғыда - жекешелендіру мен бөліс кезінде алынған. Сол кезде бұл жер телімдерін саудалағандардан сатып алынған", - деді Ибраимов.

Қырғызстанның мемлекеттік кадр қызметі Бішкек әкімі Албек Ибраимовтың табысы туралы декларациясын жариялады. Құжатқа сәйкес, Ибраимовтың әрқайсысының көлемі 1,5-нан 7 гектар болатын 29 жер теліміне иелік етеді.

Ибраимовтың декларациясында оның табысы 33 миллион сом екені көрсетілген. Мемлекеттік тіркеу қызметінің басшысы Тайырбек Сарпашевтың хабарлауынша, 2015 жылы 12 мамырда Ибраимов қырғыз президенті Алмазбек Атамбаевқа 2,7 гектар жерді 33 миллион сомға сатқан.

Бұған дейін "Ата Мекен" фракциясының жетекшісі Омурбек Текебаев президентті Қой-Таш ауылындағы "Дастан" компаниясына тиесілі жер телімін тартып алды деп айыптаған еді. Ол жерде қазір үй салынып жатыр. Текебаевтың айтуынша, 2015 жылы 7 мамырда жерді Бішкек әкімінің әйелі Айнүр Ибраимованың атына тіркеген, кейін оны Атамбаевқа сатқан.

XS
SM
MD
LG