Ссылки доступа

Сирияның Алеппо және Хама қалаларында әскери қимылдар қайта басталды


Сирияның Алеппо және Хама қалалары маңында бүлікшілер мен президент Башар Асад жақтастары арасында ұрыс қайта басталды. Әуе соққысынан ондаған адам, олардың ішінде төрт медициналық жұмысшы қаза тапты.

Сәрсенбіге қараған түні әскери қимылдар Алеппо қаласын бақылауға ыңғайлы аймақта жүрді. Қаланың шығысындағы бұл аймақты бүлікшілер басқарып отыр, бірақ оны үкімет күштері қоршап алған. Асад күштері Ираннан келетін ресейлік әскери-әуе күштері мен жасақтарына иек артады.

Сириялық үкіметтік БАҚ-тың хабарлауынша, әскер қаланың оңтүстік-батысындағы Рамуш ауданындағы тыңайтқыш зауытын басып алды. Сириялық адам құқықтары жөніндегі бақылаушы топ шабуылды растап қана қоймай, үкімет күштерінің сол маңдағы тұрғын ауданға қысымын күшейткенін хабарлады.

Ұрыстардың қайта жалғасуы бейбіт келіссөздерді үзіп жіберді. Оқ атпау туралы бітім дүйсенбі күні гуманитарлық көмек колоннасына шабуыл жасалған уақытта мәнін жойды. АҚШ ол шабуылды ресейлік ұшақтар жасады деп отыр. Мәскеу әуе соққысына қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

Мәскеуге айып таққанына қарамастан, Құрама Штаттар Ресеймен бірге келіскен оқ атпау бейбіт бітімінен күдер үзген жоқ.

XS
SM
MD
LG