Ссылки доступа

ОСК Сирияда дауыс берген ресейліктер туралы мәлімет берді


Ресейдің Орталық сайлау комиссиясыСириядағы дауыс берген ресейліктердің саны онда қызмет етіп жүрген әсерилердің санымен сәйкес келеді деп мәлімдеді. Бұл жөнінде РБК жазады. Сириядағы ресей әскерінің саны туралы мәлімет мемлекеттік құпия болып саналады делінген.

Сирия аумағында Мемлекеттік Дума сайлауы қарсаңында Дамаскідегі Ресей елшілігінде бір сайлау учаскесі ашылған. Мұнан бөлек, жылжымалы дауыс беру жәшігін Хмеймимдегі ресейлік әскери базаға әкелген.

Сирияда сайлауға барлығы 4,5 мың адам дауыс берген. Олардың тек 200-ге жуығы Дамаскідегі елшілікте дауыс берген. Осының алдында Ресейдің қорғаныс министрлігі Мемлекеттік Дума сайлауына Сирияда жүрген әскердің 100 пайызы дауыс берді деп хабарлаған.

РБК атап өткендей, Сириядағы дауыс берген ресейліктердің саны рекордтық көрсеткіш. 2011 жылғы дума және 2012 жылғы президент сайлауында бұл көрсеткіш төрт есеге аз болған.

Ресей Сирияға әскерін 2015 жылдың қыркүйегінде кіргізді. 2016 жылдың наурыз айында Мәскеу ресми түрде Сириядан әскеріміздің негізгі бөлігін шығарып жатырмыз деп мәлімдеген. Сириядағы қалған әскер Кремльдің түсіндіруі бойынша Башар Асадқа экстремизмге қарсы күреске көмектеседі. Ресми мәлімет бойынша, Сирияда 20 ресейлік сарбаз соғысу кезінде қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG