Ссылки доступа

Тәжікстанның ІІМ заң бұзушылықтар жөнінде видеоларды жіберуді сұрайды


Тәжікстан ІІМ ресми сайтында «Мобилді репортер» деген арнайы парақша ашылып, мұнда азаматтардан қылмыстық оқиғағаларға, заң бұзушылықтарға, төтенше жағдайларға куә болып, сол жерде түсірген видеоларды жіберулерін сұрайды.

Мекеменің баспасөз хатшысы Умарджони Эмомалидің хабарлауынша, ең үздік видео түсірілімдерге ақшалай сыйлық беріледі.

Азаматтар материалдарын үш тілде – тәжік, орыс және ағылшын тілдерінде жіберуге болады, видеоларды жіберген азаматтар туралы құпиялылық сақталады делінген.

ІІМ мұндай қадамдар қылмыстар мен заң бұзушылықтарды дер кезінде ашуға мүмкіндік береді дейді.

XS
SM
MD
LG