Ссылки доступа

Алеппоның шығысында тағы да әуе шабуылдары жасалды


АҚШ пен Ресей дипломаттары Сириядағы соғысты тоқтату режимін сақтау жөнінде келісімге келе алмағаннан кейін, жұма күні таңертең Алеппоның шығысында тағы да әуе шабуылдары орын алды. Әуе соққылары оппозиция бақылайтын аумақтарға жасалған.

Жергілікті құтқару қызметінің басшысы Reuters агенттігіне 23 қыркүйек күні таңертең қала үстінен бес әскери ұшақтың көргенін хабарлады. Әзірге құрбандар туралы нақты мәлімет жарияланбады.

Дәл осы уақытта Ұлыбританияда орналасқан Сириядағы адам құқықтарының бұзылуына мониторинг жүргізетін орталық 23 қыркүйекте таңертең Алеппоның әртүрлі аудандарында кемінде 30 рет әуе шабуылдары жасалғанын хабарлады.

Ресей қолдау көрсететін Сирия әскери күштері 22 қыркүйек күні кешкісін Алеппоның шығыс аймағын бақылайтын оппозицияға қарсы жаңа операция бастағанын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG