Ссылки доступа

Душанбеде тәжік оппозициясының Варшавадағы мәлімдемесіне қарсы акция өтуде


Варшавада өткен адам құқықтары жөніндегі халықаралық жиында тәжік оппозициясының қатысуына қарсы Душанбеде жастардың акциясы өтіп жатыр.

Наразылық акцияны ұйымдастырушылардың бірі, жастардың белсендісі Аслиддин Хушвактов студенттер акциясы Тәжікстанның Ұлттық және Медициналық университет ғимараттарында басталғанын айтты. Ол наразылық акциясы ерікті түрде өтіп жатқанын атап өтті.

Жас белсендінің сөзінше, бұл шараға шамамен 400-ге жуық жастар қатысып жатыр. Олар адам құқықтары жөніндегі халықаралық жиында тәжік билігін сынаған оппозиционерлерге қарсы шығуда. Дәл осындай акция Куляб университетінде де өткізілу жоспалануда дейді Хушвактов.

Студенттер тыйым салынған «Исламның қайта өркендеуі» партиясы «соғысты қайтадан бастауға» ниетті деп есептейді. Бірер күн бұрын жас белсенділер Душанбедегі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) өкілдігінің кеңсесіне барып, «қылмыскерлерді қолдауды доғарсын» деген мәлімдемелерін тапсырған.

19 қыркүйекте Варшавада өткен ЕҚЫҰ-ның адам құқықтары жөніндегі халықаралық жиынға Тәжікстанда тыйым салынған Исламның қайта өркендеуі партиясының жақтастары қатысып, тәжік билігін сынға алып, партияның түрмеде отырған жетекшілерін босатуды талап еткен.

XS
SM
MD
LG