Ссылки доступа

Түркіменстан батыс елдеріне газ жеткізетін инфрақұрылым салуды бастады


Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Түркіменстанның Марый облысында газкомпрессорлық станцияның құрылысы (ГКС) басталды.

ГКС «Шығыс-Батыс» ішкі газқұбыры үшін салынып жатыр. Бұл арқылы Марый уәлаятындағы Галкыныш және Довлетабат кеніштерінен газды Каспий арқылы Еуропалық Одаққа жеткізу жоспарланған.

Желі бойынша жеті ГКС салынады екен. Станция үшін негізгі құрал-жабдықтарды «Түркіменгаз» мемлекеттік компаниясымен келісімге отырған Dresser-Rand S.A. компаниясы жеткізеді.

XS
SM
MD
LG