Ссылки доступа

Орал полицейі газет редакторымен соттасуда


Жұма күні таңертең Оралдың № 2 қалалық сотында судья Марина Сахипованың төрайымдық етуімен учаскелік полицей Данияр Рақышевтың «Уральская неделя» аймақтық газетінің редакторы Тамара Еслямоваға қарсы шағымы қаралды.

«Уральская неделя» газетінде редактор бағанасында жарық көрген «Рақышев сияқты майор кімнен қорқады?» деген мақаласы учаскелік полицейдің ар-ожданына нұқсан келтіріпті.

Мақалада Еслямова 21 мамырда «жер мәселесіне байланысты» өткен митингте журналистерді жаппай ұстағаннан кейін майор Рақышев өзіне келіп, кешірім сұрағанын жазады. Бірақ полицей болса, кешірім сұрамағанын айтады. Рақышев аталған мақала намысыма тиді деп басылым редакторынан 10 миллион теңге (шамамен 30 мың доллар) өтемақы талап етеді. Ол бұл ақшаны жергілікті балалар үйіне аударамын дейді.

Сотта редактордың құқығын қорғаушы Павел Кочетков мақала полицейдің ар-ожданына нұқсан келтірмейді дейді.

Апталық аймақтық «Уральская неделя» газеті жергілікті билікке өткір сын айтылатын басылым ретінде Батыс-Қазақстан облысында танымал. Газет шыққан 15 жылдан бері қаншама жергілікті билік өкілдері басылым журналистерімен соттасып келеді.

Келесі сот отырысы 12 қыркүйекке белгіленді.

XS
SM
MD
LG