Ссылки доступа

Өзбекстан Қырғызстан аумағынан тікұшақпен өтуге рұқсат сұрады


Өзбекстан шекарашылары бүгін Қырғызстан әуе кеңістігі арқылы Сох анклавында тікұшағының ұшуын сұрап, өтініш білдірген. Бұл туралы Қырғызстанның Мемлекеттік шекара қызметі хабарлайды.

Өзбек тарабы хабарлағандай, олардың әскери қызметкері Сох анклавында көлік апатына ұшырап, ауыр халде жатыр. Оны Өзбекстанның негізгі аймағына алып кету үшін тікұшақпен ұшу керек. Қырғызстан шекарашылары рұқсат берді.

Өзбекстанның Сох анклавы Қырғызстанның ішінде орналасқан.

XS
SM
MD
LG