Ссылки доступа

Астана жаңа "ядролық қарусыз аймақтар" құруға шақырды


Қазақстанның сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов, БҰҰ Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзінде, Астананың жаңа ядролық қарусыз аймақтар құруды қалайтынын мәлімдеді. Атап айтқанда, ол Таяу Шығыс елдерінде Орталық Азия үлгісімен ядросыз аймақ құруды ұсынды.

Ыдырысовтың айтуынша, осындай әрекет бұл аймақта тұрақтылықтың орнауына көмектеседі. Ол 2015 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының ядролық қарусыз әлем құру туралы қаулысы Астананың бастамасымен жүзеге асқанын атап өтті.

Дегенмен, Ыдырысовтың айтуынша, әлемдік державалар мен аймақтық топтар бір-біріне сенімсіздікпен қарағандықтан, ядролық қарудан бас тарту процесі тежеліп қалды.

"Өкінішке орай, ядролық қарудан бас тарту жөніндегі халықаралық келіссөздер тұйыққа тірелді, ал халықаралық құқықтың осал тұстары ядролық технологияны әскери мақсатта қолдануға пайдаланылып келеді", - деп мәлімдеді Ыдырысов.

25 жыл бұрын елдегі ең ірі ядролық полигонын жауып, әлемдегі ең қуатты төртінші ядролық арсеналдан бас тартқан Қазақстан осы процестің әрі қарай жалғасуын талап етуге толық құқығы бар, деді ол.

XS
SM
MD
LG