Ссылки доступа

Донорлар Тәжікстан экономикасына 460 миллион доллар инвестиция құюды көздейді (видео)


Тәжікстанмен әріптестіктің жаңа стратегиясы аясында Азия Даму Банк ел экономикасының энергетика, жол құрылысы, ауыл шаруашылғы және басқа да секторларына 460 миллион доллар бөлуді көздеп отыр.

Бұл туралы банк басшылығы 23 қыркүйекте Душанбеде Азия Даму Банктың Тәжікстанмен әріптестік стратегиясын таныстыру салтанатында хабарлады. Аталған стратегия 2016-2020 жылдар аралығында жүзеге асады.

АДБ директорының орынбасары Венкай Жангтың айтуынша, банк биыл осы стратегия аясында Тәжікстанға 140 миллион доллар бөледі.

Жангтың айтуынша, бұл қаражат энергетика, көлік, әлеуметтік сектор, климаттың өзгеруі салдарын жою және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бөлінеді.

Тәжікстанның сауда және экономикалық даму министрі Неъматулло Хикматуллозоданың айтуынша, республика АДБ-пен төртінші мәрте екі жақты келісімге отырды. Бұған дейінгі бағдарламалар экономиканың дамуына, кедейшілік деңгейін азайтуға, халықтың әл-ауқатын жақсартуға көмектесті.

XS
SM
MD
LG