Ссылки доступа

Абдылдаев: Қырғызстан мен Тәжікстандағы ГЭС құрылысы аймақ елдерін энергиямен қамтамасыз етеді


Қырғызстан мен Тәжікстандағы ГЭС құрылыстары жобасы жүзе асса, Орталық Азия елдері энергиямен толық қамтамасыз етіліп, аймақ тұрақты дамитын еді. Бұл туралы Қырғызстанның сыртқы істер министрі Эрлан Абдылдаев БҰҰ Бас Ассмблеясында мәлімдеді.

"Қазіргі таңда Орталық Азияның электр энергиясының экономикалық таза түріне көшуге мүмкіндігі бар", - деп есептейді Абдылбаев. Оның пікірінше, аймақ елдері су және энергетикалық ресурстарды кешенді түрде пайдалану үшін ортақ пікірге келуі керек.

Экология туралы сөз қозғаған Абдылбаев күннің жылынуы тау өзендерінің арнасынан асып, мұздықтардың ери бастағанын атап өтті. Мұндай табиғи өзгерістердің әлеуметтік кері салдары болуы мүмкін екендігі ескертілді.

"Болжам бойынша, 2025 жылы Қырғызстандағы мұздықтар шамамен 30-40 пайызға азаяды", - деді министр. Соған байланысты ол ортақ жобаларды тез арада жүзеге асыруды ұсынды.

XS
SM
MD
LG