Ссылки доступа

Мәскеуде әлемнің барлық елдеріндегі жікшілдердің екінші съезі өтті


Мәскеуде жексенбі күні әлемнің барлық елдеріндегі сепаратистердің екінші конференция аяқталды. Форумға Техас және Калифорния, Солтүстік Ирландия, испаниялық Каталония провинциясы, Шотландия және басқа да аймақтар қатысты.

Конференцияны Кремль қаржыландыратын "Ресейдің жаһандануға қарсы қозғалысы" ұйымдастырды. Қозғалыстың құрметті мүшелері - Сирия президенті Башар Асад және Иранның бұрынғы президенті Махмұд Ахмадинежад.

РБК мәліметі бойынша, конференцияда үш жарым миллион рубль көлемінде президент гранты бөлінді.

Жікшілдердің бірінше съезі де Мәскеуде 2015 жылы қыркүйекте өткен. Оған өз тәуелсіздігін жариялап алған Донецк және Луганск халық республикаларының өкілдері қатысқан.

Қылмыстық кодекс бойынша, Ресейдің аумақтық тұтастығын бұзуға үндегені үшін төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

XS
SM
MD
LG