Ссылки доступа

Өзбекстанда имамдар мешітке келгендерді мақта теруге үндеуде


Өзбекстанда мақта теру науқанының ең қызған шағында, мешіттің кейбір имамдары жұма намазына келген адамдарды өнімді жинауға шақыруда.

Өзбекстанның кейбір мешіттерінде имамдар Ислам дінінде мақта теру әрбір мұсылманның міндеті екенін айтатын арнайы қаулы шығарған екен. Мұнан бөлек, кейбір мешіттерде мешітке келгендерден мақта теру жұмысы үшін бөлек ақша жинап жатыр.

Тәшкенттегі «Хазрет Әли» мешітінде жұмыс істейтін діни қызметкердің бірі бұл ақпараттарды растайды. Оның сөздерінше, халықты мақта теріміне үгіттеуге Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасынан арнайы бұйрық келген.

Өзбекстанның әртүрлі аймақтарында тұратын тұрғындар да өткен жұма күні мешіттерде дәл осындай үгіт жұмыстары жүргізілгенін айтады. Мұнан бөлек ауылды жерлердің мешіт имамдарының өздері де мақта теруге шығады.

Халықаралық ұйымдар ресми Тәшкентті халықты ауыр жұмысқа салатынын жыл сайын айтып келеді. Бірнеше құқық қорғау ұйымдарын қамтитын Cotton Campaign бірлестігі Өзбекстан үкіметін тұрғындарды мәжбүрлі жұмысқа жегуден бас тартуға шақырады.

XS
SM
MD
LG