Ссылки доступа

Сирияда қоршалған қалаларға гуманитарлық көмек жетті


Өткен жексенбіде Сирияда қоршалған төрт қалаға соңғы алты айдан бері бірінші рет жетпіске жуық гуманитарлық жүк көлігі кірді. Бұл жөнінде Халықаралық Қызыл Крест комитеті (ХҚКК) хабарлайды.

Гуманитарлық көмек көрсетумен айналысатын ұйым азық-түлік тиелген конвой Дамаскіге жақын орналасқан Мадайя және Забадани қалаларына және Сирияның солтүстік батысындағы Идлибтегі Әл Фуа, Кефрай ауылдарына жетті деп хабарлады.

Мадайя Ливанмен шекарада орналасқан. Бүгіде онда 40 мың адам тұрып жатыр. Бұл аймақты Сирия үкіметі алты ай бойында қоршауда ұстап отыр. Забаданиде мың шақты адам тұрады. Кефрай мен Әл Фуада БҰҰ есебі бойынша 20 мың адам тұрады. Бұл ауылдарды 2015 жылдың сәуір айында көтерілісшілер басып алған.

БҰҰ-ның Сирияға көмек көрсету операциясы 48 сағатқа созылған бітім шарты бұзылғаннан кейін қайта жалғасты.

БҰҰ бұған дейін өткен жүйсенбіде 31 гуманитарлық көлік Алеппо аймағында әуе шабуылына тап болғаннан кейін көмек көрсетуді уақытша тоқтатқан. Ол кезде бейбіт адам қаза тауып, азық-түлік қоймасы жойылып кеткен еді.

XS
SM
MD
LG