Ссылки доступа

Әзірбайжанда Конституцияны өзгертуге қатысты референдум өтіп жатыр


Бүгін Әзірбайжанда Конституцияны өзгертуге байланысты рефрендум өтіп жатыр. Жаңадан енгізілген өзгерістер ел президенті Илхам Әлиев пен оның отбасының билігін күшейтуге мүмкіндік береді. Елде сайлау беру құқығына 5,2 миллион адам ие. Дауыс беру бес мыңға жуық сайлау учаскесінде өтіп жатыр.

Референдум барысында электоратқа президенттің өкілеттігін ұзартуға және болашақ президентікке үміткерге ең төменгі жас шектеуін алып тастау ұсынылады.

Халықаралық құқық қорғау ұйымдары дауыс беруді сынға алып жатыр.

Белсенділер референдум алдында Әзірбайжан үкіметі журналистерге, құқық қорғаушыларға және азаматтық белсенділерге қысымды күшейтті деп мәлімдеген. Олар Батысты ресми Бакуге қарсы тұруға шақырады.

Әлиев 2003 жылы әкесі Гейдар Әлиевтен кейін билік тізгінін ұстады.

Соңғы уақытта мұнайға тәуелді Әзірбайжанда әлемдік мұнай бағасының түсуіне байланысты экономикалық және әлеуметтік мәселелер туындап жатыр.

XS
SM
MD
LG