Ссылки доступа

Әуе шабуылынан пәкістандық үш тәліб лидері қаза тапты деп хабарланды


Ауғанстанның Пактика елді мекенінде НАТО және ауғандық ВВС-дің бірлескен әуе шабуылынан пәкістандық тәлібтердің үш лидері қаза тапты деп хабарланады.

Дереккөздің хабарлауынша, Азам Тарик деген атпен танымал «Хан Саид» тобының баспасөз хатшысы Раис Хан қаза тапқан. Ақпаратқа қарағанда, онымен бірге ұлы және солтүстік вазиристандық екі тәліб болған. Олардың аты-жөндері белгісіз.

Ауғанстанның қорғаныс министрлігі әуе шабуылдарын растап, «Әл-Кайданың» үш лидері және алты содыр қайтыс болған деп мәлімдеді.

Министрліктің өкілі Мухаммад Радманиш қаза тапқандардың ішінде шын мәнінде Азам Тарик де болуы мүмкін дейді. «Хан Саид» фракциясы 2014 жылы пәкістандық тәліб лидері молда Фазлуалламен байланысты үзіп, өзінің мүшелері Солтүстік Вазиристанда тәуелсіз қимылдар жасайды деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG