Ссылки доступа

Қарағандылық автопарктегі наразылықтан соң комиссия құрылды


Қарағанды қаласындағы ірі №3 автопарктегі көлік жүргізушілер наразылығынан соң келісім комиссиясы құрылды. Жергілікті билік наразы топты жұмысқа шығуға үгіттей алды. Бірақ автопарктың 20-ға жуық автобусының жүргізушісі мен кондукторы талаптарынан бас тартқан жоқ.

Қарағанды облысының билігі "мәселе шешілді, жағдай тұрақтанды, ал автобустар кесте бойынша жүріп жатыр" деп есеп берді. Билік мәліметі бойынша, жергілікті атқарушы органдар мен автопарк басшылығы наразы топпен сөйлесіп, жанжалды реттеген.

"Облыс басшылығы мен Қарағанды қаласының әкімдігі тез арада шара қолданды. Жағдай арнайы бақылауға алынды", - деп хабарлады Қарағанды облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жанжал 22 қыркүйекте туындаған. Сол күні жүргізушілер жұмысқа шыққанымен, автобус рөліне отырудан бас тартқан. Олар талаптарын автопарк басшылығына қойған. Жүргізушілер мекеменің жоспар мөлшерін өсіруге қарсы шықты. Оларды кондукторлар да қолдады. 20-ға жуық автобустың жолға шықпай қалуы жергілікті жолаушылардың да наразылығын туғызы.

Қарағанды автобустарындағы бір реттік жүру құны - 80 теңге.

XS
SM
MD
LG