Ссылки доступа

Қырғыз делегациясының басшысы ЕҚЫҰ жиналысында Қадыржан Батыров сөйлей бастағанда залдан шығып кетті (видео)


Қырғызстан ресми делегациясының басшысы, президент аппараты басшысының орынбасары Мира Карыбаева Варшавада ЕҚЫҰ жиыны кезінде Қадыржан Батыров сөлеп жатқанда залдан шығып кетті. Бұл туралы президент аппаратынан хабарлады.

Хабарларға қарағанда, Карыбаева 26 қыркүйек күні ЕҚЫҰ адамзат өлшемі жөніндегі міндеттерді орындауға қатысты жиналысына қатысқан.

Форумда сөйлеген сөзінде Карыбаева ЕҚЫҰ Адам құқықтары және демократиялық институттар жөніндегі бюросының (АҚДИБ) аса ауыр қылмыстар үшін сотталған Қадыржан Батыровқа мінбер ұсынғанына наразылығын білдірді. Батыров 2010 жылы күш қолдану арқылы ұлтаралық араздықты қоздырды, жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген айыптармен сырттай түрме жазасына кесілген.

Карыбаева оның беделді ұйым форумында сөз сөйлеуін Бішкек Қырғыз Республикасын құрметтемеу деп түсінеді деп мәлімдеді.

Глава делегации КР покинула заседание ОБСЕ во время выступления Батырова
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:00:19 0:00

XS
SM
MD
LG