Ссылки доступа

Өзбек қақпашысы соққан голдың видеосын 3 күнде үш миллионнан астам адам көрді (видео)


Интернетте өзбек қақпашысының кәріс футбол командасы қақпасына соққан сирек голын қызықтаушылар артып келеді. Видео YouTube'те жарияланды.

СА-News ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл гол Азия жасөспірімдер чемпионаты аясында Өзбекстан мен КХДР командалары арасындағы 23 қыркүйекте өткен матчта соғылды. Өзбек қақпашысы Жасурбек Өмірзақов допты ойынның 49-минутында қарсылас команданың қақпасына өзінің айып алаңында тұрып тепті. Допты баспен тоқтатпақ болған қақпашы 25 метрге алға шығып кеткен. Бірақ оның бұл ойлағаны болмай, қақпашы допты бойынан асырып алды. Одан соң допты қуып жетпек болған ол сүрініп құлады. Бұл кезде доп қақпаға еркін еніп үлгерген еді.

23 қыркүйекте жарияланған видеоны үш миллионнан астам адам көрді.

XS
SM
MD
LG