Ссылки доступа

Түркияда әскери автобус жарылды


Түркияның оңтүстік-шығыс бөлігінде әскери автобустың жарылу салдарынан қауіпсіздік қызметінің 10 қызметкері қаза тапты, тағы сегіз адам жараланды.

Жарылыс Дерык және Қызылтепе қалаларын жалғайтын күре жолда болған. Бұл аудандарда күрдтер көп қоныстанған. Әзірге жарылыс жауапкершілігін ешкім мойнына алған жоқ, бірақ билік Күрдістанның жұмысшы партиясын айыптап отыр. Бұл ұйымның мүшелері бұған дейін осы тәріздес бірнеше жарылысты ұйымдастырғанын мәлімдеген еді.

Өткен жылы күрд содырлары мен түрік әскері арасында бейбіт келіссөздер сәтсіздікке ұшыраған соң, аймақта қақтығыс көбейді. Содан бері Түркия қауіпсіздік қызметінің 600-ден астам қызметкері және мыңдаған күрд қаза тапты. 1984 жылы басталған теке-тірестен бері тәуелсіздік алуға ұмтылған 15 миллион күрдтің 40 мыңнан астамы қаза тапты.

XS
SM
MD
LG