Ссылки доступа

Түркіменстанда арзан темекінің бір қорабы 17 доллардан сатылуда


Түркіменстанда жекеменшік дүкендерде темекі сатуға тыйым салғанына үш ай өтті. Үстіміздегі жылдың наурыз айында президенттің бұйрығымен Түркіменстанның сыртқы экономика және сауда министрлігі ғана темекіні елге әкеліп, оны таратуға құқығы бар.

Алайда жаз айының басынан бері мемлекеттік дүкен сөрелерінен темекі бірден жойылды. Бүгінгі күні темекі саудасы астыртын жеке қолдарға өткен. Екі апта бұрын бір қорап темекі 40-50 манатқа сатылған болса, бүгінгі күні құны 55 манатқа жеткен.

Түркіменстанның солтүстігіндегі Дашогуз қаласында «Mond» маркалы темекінің бағасы 60 манат ($17) болса, кешкісін 65 манатқа көтеріледі екен. Ауылды жерлерде ең арзан темекі бір қорабы үшін 57-60 манатқа сатылады екен.

Астыртын саудадағы темекінің дені Ресейден әкелінеді.

XS
SM
MD
LG