Ссылки доступа

АҚШ-та Клинтон мен Трамптың алғашқы дебаты өтті


Дүйсенбі күні кешкісін Нью-Йорктегі Хофстра университетінде АҚШ президенттігіне үміткерлер арасында өтуге тиіс бір жарым сағатқа созылатын үш дебаттың алғашқысы өтті.

Пікірсайыс тәртібі бойынша бірінші кезекте экономикалық мәселелер көтерілу керек. Демократтар атынан үміткер Хиллари Клинтон өте бай америкалықтардың салықтарын көтеру арқылы орта топтың, атап айтқанда студент жастар мен жас аналардың саулығына басымдық беретінін айтты.

Республикашылдар атынан үміткер Дональд Трамп корпоративті салықты қысқарту арқылы бизнес-қауымдастықты қолдайтынын, жас іскерлерді америкаға тартып, жұмыс орындарының көптеп ашылуына жағдай жасайтынын мәлімдеді. Ол сонымен бірге Салық кодексіне өзгерістер енгізетінін де айтты. Ол кезінде Билл Клинтон бекіткен, Барак Обама қол қойған Солтүстікамерикалық келісімді сынға алды.

Қатысушылар елдеріндегі нәсілдік қарым-қатынас мәселесін де көтерді.

Клинтонның сөздерінше, сот-тергеу жүйесінде нәсілдік, аз ұлттарға қатысты кемсітушілік байқалады, бұған жол бермеу керек. Клинтон сонымен бірге қару-жарақты сату бақылауын күшейтінін де айтты.

Трамп болса құқық қорғау органдарындағы қызметкерлер санын өсіру арқылы тәртіпті күшейтемін деді.

Сыртқы саясатқа қатысты Клинтон Ресейдің Америкадағы партиялық және қоғамдық құрылымдарға қарсы хаккерлік шабуылын сынға алды. Оны бұл елдің сайлау процесіне кедергі жасау деп атап өтті.

Трамп болса, Ресейдің хаккерлік шабуылды жасағанын жөнінде нақты дәлелдер жоқ деді. Бірақ Ресейдің зымыран-ядролық арсеналын жаңартып жатқанын қауіппен атап өтті. Бұған Құрама Штаттар тиісінше жауап берген жоқ деп есептейді.

Миллиардер үміткер Дональд Трамп бұған дейін бетпе-бет дебатқа қатысқан емес. Хиллари Клинтон 2008 жылы президент сайлауы алдында үміткер Барак Обамамен дебатқа шықты. АҚШ-тағы президент сайлауы 8 қарашада өтеді.

XS
SM
MD
LG