Ссылки доступа

Германия Тәжікстанның «жиһадшыны» қайтару талабын жауапсыз қалдыруда


Тәжікстанның құқық қорғау органдары Германия тәжік билігінің «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымының шамаланған мүшесі деген тәжік азаматын экстрадициялау жөніндегі өтінішіне жауап бермей жаптыр деп мәлімдеді.

Құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сәйкес, 30 жастағы Саидов деген ер азамат маусым айында Карлсруэ (Солтүстік Рейн-Вестфалия) қаласында ұсталған. ГФР-дың арнайы қызметі оның Сирияда соғысқа қатысқанын, «ИМ» тобының мүшесі екенін дәлелдеген. Оған дәлелді видеолар да табылған.

Алайда Германия әлі күнге дейін Саидовты Тәжікстанға қайтару жөнінде шешім шығармаған. Бұл мәселеге қатысты екі ел арасындағы келіссөз әлі күнге дейін жалғасып жатыр. Дереккөзге қарағанда, ұсталған азамат өзін тәжік билігіне бермеуін сұраған. Ол елінде азаптауға түсетінін айтқан. Тәжікстанда Саидовтың әйелі және екі баласы қалған.

Отанында Саидов шетелде соғысты деп айыпталады. Ресми мәліметтерге сәйкес, 2015 жылдың сәуір айында ол Сирияға барып, ИМ қатарына қосылған. Күдікті әлі күнге дейін Интерполдың тізімінде бар әрі ол «босқын» ретінде Сириядан Германияға «қашқаны» айтылған.

Таяу Шығысқа кеткенге дейін Саидов елінде жүргізуші болып жұмыс істеген, кейін Ресейге жұмыс істеуге кеткен.

XS
SM
MD
LG