Ссылки доступа

Өзбекстанда мақта жинау кезінде бала еңбегі мен мәжбүрлеп жұмысқа жегуге ресми түрде тыйым салынды


Еңбек министрлігі Өзбекстанның Халықаралық еңбек ұйымы конвенциясын мақұлдағаны туралы ресми хабарлама таратты. Құжат бала еңбегі және мәжбүрлеп жұмыс істетуге тыйым салады, деп хабарлады жергілікті БАҚ.

Министрліктің хабарламасында азаматтардың құқығы бұзылған жағдайда хабарласатын телефон нөмірлері жазылған. Конвенция бойынша, 18 жасқа толмағандарға мәжбүрлеп жұмыс жасатуға заңмен тыйым салынады. Мұндай жұмыстардың қатарына қолмен мақта теру және мақта суғару да кіреді.

Елде кәмелет жасқа толмағандарды мәжбүрлеп жұмыс жасатпау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, адам құқығын қорғау ұйымы Хьюман Райтс Вотч 2016 жылғы баяндамасында мақтаны мәжбүрлеп тергізу кең таралғаны айтылған. 2015 жылы билік шаруаларға жылдық жоспар өткізуді талап етті, ал күзде миллиондаған адамды мақта теруге жіберді.

Мұғалімдер, дәрігерлер, мемлекеттік қызметкерлер жұмыстан шығып қалмас үшін мақта теруге мәжбүр болды. HRW мәліметі бойынша, билік күз сайын 2 миллионнан астам үлкен кісілер мен мектеп оқушыларын жұмысқа салды.

XS
SM
MD
LG