Ссылки доступа

Атамбаев ауруханадан апта соңында шығады


Президент Алмазбек Атамбаев Мәскеудегі Орталық клиникалық ауруханада емделіп жатыр. Дәрігерлер оның денсаулығы жақсарғанын, жағдайы бірқалыпты екенін айтты. Бұл туралы президент аппаратының ақпараттық саясат бөлімі хабарлады.

Атамбаев жүрек ауруын емдету үшін ауруханаға жатты. Аритмияны емдеу үшін профессор Ревишвили А.Ш. шақырылды. Қазіргі таңда аритмия тудырған ақаулар толық жойылды.

Хабарларға қарағанда, 2008 жылы президент уланып қалған соң Түркияда өңешіне ота жасатқан. Мәскеудегі ауруханада оның өңеші тағы тексерілді.

Еске салайық, 2016 жылы 19 қыркүйекте Алмазбек Атамбаев Стамбулдағы әуежайда жайсыз сезініп, Нью-Йоркке сапарын үзуге мәжбүр болды.

Медициналық тексерулер президенттің жүрегі ауырғанын анықтап, тез арада медициналық тексеруден өтуге кеңес берілді.

XS
SM
MD
LG