Ссылки доступа

Қырғызстанның мемлекеттік қарызы ІЖӨ көлемінің 70 пайызына жақындаған


Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) есебі бойынша, Қырғызстанның мемлекеттік қарызы ІЖӨ көлемінің 70 пайызына жақындап қалды. Бұл жөнінде ХВҚ-ның Қырғызстандағы миссиясының жетекшісі Эдвард Джемайэл Кеңейтілген несие механизмі жөніндегі келісім бағдарламасы аясындағы жиында журналистерге мәлімдеді.

Джемайэлдың сөздерінше, мемлекеттік қарыз соңғы жылдары бірден көтерілген. 2014 жылдың ортасында мемлекеттік қарыз ІІЖ көлемінің 43-44 пайызы деңгейінде болған.

«Қырғызстанның мемлекеттік қарызының өсуі алаңдатады. Бірақ біздің есебіміз бойынша, қарыз бірқалыпты тәуекелге сәйкес келеді. Бірақ қызыл сызыққа жетті. Одан жоғары қауіпті деңгейге өтіп кетуі мүмкін», - деді ХВҚ миссиясының жетекшісі.

Джемайэл мемлекет қарызының өсуі үкіметтің мемлекет қаржысын тек осы салаға жұмсауына алып келеді дейді.

«Біз қырғыз үкіметіне бұл мәселеге өте сақтықпен қарауына кеңес береміз. Бюджетті шоғырландыру ІЖӨ өсімін қамтамасыз етеді», - деді ол.

XS
SM
MD
LG