Ссылки доступа

Израильдің бұрынғы президенті Шимон Перес көз жұмды


Бүгін, 28 қыркүйекте таңертең Тель-Авивтегі ауруханада Израильдің бұрынғы президенті әрі премьер-министрі Шимон Перес қайтыс болды.

92 жастағы Перес 13 қыркүйекте екі апта бұрын алған инсульттен соң Тель-Авив маңындағы ауруханаға түскен.

Нобель сыйлығының лауреаты Шимон Перес 2007 жылдан 2014 жылдың шілдесіне дейін Израиль президенті болған. Ол Израиль үкіметін 1995-1996 жылдар аралығында басқарған.

1992 жылы ол Израиль сыртқы істер министрі болып тұрғанында Палестинаны азат ету ұйымының жетекшісі Ясир Арафатпен құпия келіссөз жүргізген. Келіссөз нәтижесінде Ослода келісімге қол қойылған. Бұл жетістікке байланысты Арафатқа, Перес пен Израильдің сол кездегі премьер-министрі Ицхак Рабинге бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы берілген.

XS
SM
MD
LG