Ссылки доступа

Қазақстанда қытай саяхатшылары үшін ыңғайлы ұсыныс дайындалды


Қытай туристері үшін 320 долларлық "Барлық қызмет түрі жеті күнде" туристік пакетін қазақстандық туристік компаниялардың бірі дайындады. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан бірінші қазақ-қытай форумында белгілі болды. Форумның мақсаты - қытайлық туристерді Қазақстанға тарту.

Қазақстандық туристік операторларды былтыр Қытай туристерінің топ болып әлем елдерін аралауы қызықтырған. Бұған қоса, олар көрші елдің халқын әлемде саяхаттағанды жақсы көретін бірден-бір ұлт ретінде біледі.

Қытайдың туризм істері жөніндегі мемлекеттік басқармасының арнайы өкілі Дай Биннің айтуынша, Қазақстанға келген қытайлық туристерді Қарағанды секілді шағын қаланың өзінде Wi-Fi бар екені қызықтырған.

Қытайлық туристер үшін көлік инфрақұрылымы мен жергілікті сыйлық дүкендерінің көп болғаны маңызды. Олар Қазақстанды автокөлікпен аралауға ыңғайлы ел ретінде қарастырады.

Қазақ-қытай туристік форумы басталар бұрын Қазақстанның туристік агенттіктері қауымдастығының президенті Әсел Нүркебаева қытайлардың үлкен топпен саяхаттағанды жақсы көретінін мәлімдеген еді.

XS
SM
MD
LG