Ссылки доступа

Тәжікстанда мейрамханаларда темекі шегуге тыйым салынуы мүмкін (видео)


Денсаулық сақтау министрлігінің темекі өнімдерін тұтынуды шектеу жөніндегі заңға дайындап жатқан өзгерістері темекіні көшеде сатуға, темекі өнімдерін мейрамханада және басқа да көңіл көтеру орындарында тұтынуға тыйым салады.

Ресми статистика бойынша, қазіргі таңда тұрғындардың 500 мыңнан астамы темекі шегеді, олардың 78 пайызы - ер кісілер.

"Темекі өнімдерін шектеу күшейтіледі, бірақ мұндай шектеулер көрші елдерде бар. Ол темекі асқындыратын жүрек-қан тамырлары және басқа да ауруларды азайтуды көздейді", - деді денсаулық сақтау министрінің орынбасары Навруз Джафаров.

Тәжікстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының темекімен күрес жөніндегі конвенциясын мақұлдады, ал 2010 жылы темекі өнімдерін қолдануды шектеуге қатысты заң қабылдады.

Таджикистан намерен запретить курение в ресторанах
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:48 0:00

XS
SM
MD
LG