Осы саладағы әріптестік мәселесі Ташкентте сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени әріптестік бойынша өзбек-түркімен комиссиясының отырысында қаралды.
Тараптар түркімен темір жолы құрамының Ташкенттегі вагон құрылысы мен жөндеу зауытында жөнделіп, жетілдірілгенін айрықша атап өтті.
Бұған дейін Түркіменстанның темір жол көлігі министрлігі мен "Өзбекстан темір йуллари" компаниясы меморандум қабылдаған еді. Құжат бойынша, түркімен пойыздары Өзбекстандағы зауыта жөнделеді.