Ссылки доступа

Қырғызстанда "алтын" мемлекеттік нөмірлерді миллиондаған сомға сатып алып жатыр


Бішкек қаласының коды бар 777 ААА автокөлік нөмірі аукционда 1 миллион 716 мың сомға (шамамен 24,5 мың доллар). Бұл туралы Мемлекеттік тіркеу қызметі хабарлады.

Автомобиль нөмірлері онлайн-аукцион арқылы сатылды. Сәрсенбі күні басталған саудаға 9 адам қатысқан. Аукционға қатысушы 6 мың сом кепіл төлеп, саудаласуды 60 мың сомнан бастауы керек.

Еске салайық, бұған дейін 01 111 ААА нөмірі 160 мың сомға, ал 01 888 ААА – 180 мың, 01 999 ААА – 282 мың, 01 001 ААА – 594 мың сомға сатылған еді.

Онлайн-аукцион ережесі бойынша, жеңімпаз куәлікті үш күннің ішінде сатып алуы керек. Ол бас тартқан жағдайда, автокөлік нөмірі ең көп ақша ұсынған келесі адамға беріледі.

Мемлекеттік автомобиль нөмірлері биыл 19 қыркүйектен бастап сатыла бастады.

XS
SM
MD
LG