Ссылки доступа

Өзбекстан кәсіподақ федерациясы: Мақта жинауға қатысу әркімнің өз еркі


Өзбекстанның әрбір азаматтары мақта теруге жеке ықыласымен ғана қатысуға құқылы деп кәсіподақ федерациясы халықты әлеуметтік-еңбек құқықтары жөнінде мәлімет береді. Бұл жөнінде Өзбекстанның жергілікті ақпарат құралдары жазады.

Азаматтар сонымен бірге лайықты еңбек жағдайын талап етуге (тұрмыстық, гигиеналық, қауіпсіздік жөнінде) және кез-келген уақытта қандай да бір қосымша шарттарсыз мақта теріміне қатысудан бас тартуға құқылы делінген.

Өзбекстан заңдары балалар еңбегіне және мәжбүрлі жұмысқа пайдалануға тыйым салады. Халықтың құқықтары жөнінде ақпарат беру кампаниясы аясында Кәсіподақ федерациясының балалар еңбегі жөніндегі Үйлестіру кеңесі барлық аймақтарға балаларды еңбекке салуға жол берілмеу керектігі жөнінде баннерлер мен хабарландырулар іліп жатыр.

Мұнан бөлек министрлік, қоғамдық ұйымдар қызметкерлерінің біліктілігін жоғарылатуға арналған әдістемелік құралдар әзірленіп жатыр.

XS
SM
MD
LG