Ссылки доступа

Бішкек ЕҚЫҰ-ның Қырғызстанға қатысу мәртебесін өзгертеді


Қырғызстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) республикаға қатысуын өзгертуді шешті. Бұл ақпаратты ЕҚЫҰ-ның Бішкектегі орталығы растады.

Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі ЕҚЫҰ-ның мекендеуі мен оның мандатын 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап Бішкектегі ЕҚЫҰ орталығы және Бішкектегі ЕҚЫҰ-ның Бағдарламалық офисі деп өзгертуге ниетті екендіктерін білдіретін нота жіберді.

СІМ нотасында мұндай шаралар «ҚР мен ЕҚЫҰ арасындағы ынтымақтастық формасын жетілдіруге, өзара қарым-қатынасты тереңдетуге, сонымен бірге ұйымның елдегі қызметін тиімді етуге арналған» делінген.

Жоғарыдағы екі мәртебенің айырмашылығы қандай болатыны әзірге толық айтылмайды.

Еске сала кетейік, 2016 жылдың 20 қыркүйегінде Варшавада өткен ЕҚЫҰ-ның жыл сайынғы Бюро кеңесінде Қырғызстанда сырттай сотталған Қадыржан Батыров ҚР Конституцияна өзгерістер енгізуге қарсы сөз сөйлеп, ел билігін сынға алған. СІМ наразылық білдіріп, ЕҚЫҰ-дан Батыровқа жол жабылсын деп талап қойды.

XS
SM
MD
LG