Ссылки доступа

Беларусь Түркіменстанның таулы комбинат құрылысына ақша төлемей отырғанына алаңдайды


Минск түркімен тарабының Гарлык тау-байыту комбинатының құрылысына алған қаржылық міндеттемелерін орындамай отырғанына алаңдайды. Бұл жөнінде Беларусьтің Республика кеңесі ұлттық жиынының төрағасы Михаил Мясникович Түркіменстан елшісі Назаргулы Шагулыевпен кездесу кезінде айтты.

Республика кеңесінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында келісімнің бұзылуы құрылысқа теріс әсер ететіні айтылған. Республика кеңесінің төрағасы Ашхабадтың комбинат құрылысын аяқтау үшін тиісті шаралар қолдану керектігін атап өткен.

Түркіменстан мен Беларусь үстіміздегі жылдың көктемінде Түркіменстанның солтүстік-шығысында Лебап елдімекенінен жылына 1,4 млн тонна калий тыңайтқышын өндіретін қосымша комбинат құрылысын бастаған. Құрылыс 2017 жылдың наурыз айында аяқталып, пайдалануға берілуі тиіс болған.

XS
SM
MD
LG