Ссылки доступа

Абдуләзіз Камилов: Ташкент Душанбемен қарым-қатынасын жақсартуға дайын


Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 29 қыркүйекте Өзбекстанның сыртқы істер министрі Абдуләзіз Камиловты қабылдады.

Тәжікстан президентінің баспасөз хатшысы Абдулфаттох Шарифзоданың айтуынша, Өзбекстан министрі тәжік басшысына өзбек президенті қызметін уақытша атқарушы Шавкат Мирзиеевтің жолдауын жеткізді. Өзбек дипломатының айтуынша, Мирзиеев екі ел арасындағы әріптестікті дамытуға, бұған дейінгі түсінбеушіліктерді артқа тастап, достық қатынасты жаңартуға әзір екенін мәлімдеген.

Камилов Ташкенттің Тәжікстанмен экономикалық әріптестікті қайта қалпына келтіруге дайын екенін айтқан. Өзбек министрі су-энергетикалық мәселелердің әділ шешілетініне үміт артады.

Сарапшылар Ташкент пен Душанбе арасындағы қарым-қатынастың алдағы уақытта жақсаратынын болжап отыр.

Тәжік сарапшысы Парвиз Муллажановтың айтуынша, осы кездесуден соң тараптар екі ел арасындағы виза жүйесін алып тастауы мүмкін.

XS
SM
MD
LG