Ссылки доступа

Эмомали Рахмон мен Бордюжа Тәжікстанның Ауғанстанмен шекарасындағы жағдайды талқылады


Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон бейсенбі, 29 қыркүйекте Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымының бас хатшысы Николай Бордюжаны қабылдады, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Кездесуде бұған дейін Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінде қабылданған шешімдерге байланысты мәселелер, ұйым мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кезекті отырысына дайындық сұрақтары талқыланды.

Тараптар халықаралық терроризм, діни экстремизм, есірткі мен қару-жарақтың заңсыз тасымалдануы, миграция және басқа да аумақ тұрақтылығына қауіп төндірген басқа да келеңсіз жайттар туралы әңгімелесті.

Террористік және экстремистік ұйымдардың белсенді әрекетіне уайымдаған олар қауіп-қатерлерге қарсы күресу керектігін атап өтті.

Кездесуде Тәжікстанның оңтүстік шекараларының қауіпсіздік мәселесі сөз болып, республиканың Ауғанстанмен шекарасын күшейту мәселелері талқыланды.

XS
SM
MD
LG